Жабық кешендегі Азия чемпионатында ел қоржынына алтыншы "алтын" түсті

714

Жабық кешендегі Азия чемпионатында ел қоржынына алтыншы "алтын" түсті

Теһранда өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатының екінші күнінде ерлер арасында алматылық сырықпен секіруші Никита Филиппов чемпион атанды, деп хабарлайды kazathletics.kz.

Бұл сайыс түрінен Қазақстаннан екі атлет келген еді. Филипповтан бөлек, қарағандылық Даниил Полянский бар. Әу бастан бұл екеуінен жоғары нәтиже күтілген.

Никита жарыс жолына соңғы болып шықты. Өйткені ол алғашқы мүмкіндігінде-ақ 5.20 метрге тапсырыс берген. Ал Полянский жарысты 5 метрмен бастады. Бірақ бұл биіктікті Даниил екінші мүмкіндігінде бағындырды. Кувейттен келген Али Алсобагхах 5 метрге бірінші талпысында-ақ секірді. Соның салдарынан Полянский жарысты төртінші орынмен аяқтады. Кейіннен жерлесіміз 5.20 метрге тапсырыс бергенімен, жолы болған жоқ.

26 жастағы Филиппов бірден 5.20 метрге секіріп, чемпион атанды. Иран спортшысы Мохаммад Баниадамның да көрсеткіші дәл осындай. Бірақ ол екінші мүмкіндігінде бағындырғандықтан күміс жүлдені қанағат тұтты.

Никита 5.40 метрге ұмытылып көргенімен, бұл жолы сәттілік жолдас болмады. Бәлкім алтын қалтада болғандықан аса қатты тырыспады ма, ол жағы енді өзіне аян. Бастысы, бас жүлдеге қажетті нәтижені көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу