Жағалауды жөндеу жұмысы уақытында аяқталады

772

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жағалаудағы жаңадан салынып жатқан учаскеде болды. 

Жағалауды жөндеу жұмысы уақытында аяқталады

Мердігер ұйым жаңбыр суынан зардап шеккен учаскені қалпына келтіруде және серуендеу аумағын шілдеде аяқтауға уәде берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жағалаудағы жаңадан салынып жатқан учаскеде болды. Құрылысшылардың айтуынша, су жаяу жүргінші жолының беткі бөлігін ғана шәйіп кеткен. Сондықтан қалпына келтіру жұмыстары көп уақытты қажет етпейді.

Облыс әкімі Павлодарда салынып жатқан басқа да нысандарды аралады. Болат Бақауов Назарбаев даңғылында төселіп жатқан жол жабындысының және велосипед жолының сапасын тексерді. Сонымен қатар, өңір басшысы болашақ спорт қалашығының аумағында болды. Биылғы жылы мұз аренасы тапсырылады. Сондай-ақ олимпиадалық резервті дайындайтын мектеп, жеңіл атлетика және футбол манежінің құрылысын салуды бастайды.

"Спорт Сити" аумағындағы бос жатқан учаскелерді тиімді пайдалану үшін облыс әкімі ол жерде спортшыларға арналған жатақхана салуды ұсынды. Бұл мәселені таяу уақытта қарастыруға уәде берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу