Қытайдың Мао-Мин қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты басталды. Топтық сында қазақстандық волейболшылар жеңіліссіз келеді, деп жазады Olympic.kz.
Жарыстың алғашқы күнінде Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбы сингапурлық қарсыластарын 2:0 (21:11, 21:10) есебімен жеңді.
Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко жұбы Гонконг командасынан 2:0 (21:19, 21:11) есебімен басым түсті.
Әйелдер арасында Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова жұбы екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңімпаз атанды.
Олар алғашқы кездесуде тайландтық қарсыластарын 2:0 есебімен жеңсе, кейін Жапониямен өткен тартысты кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу