Зырян ауданының Жаңа Бұқтырма кентінде жағажай волейболынан ел чемпионатының үшінші тур ойындары өтті, деп хабарлайды altaynews.kz.
Чемпионатқа барлығы 70-ке жуық (23 жұп ерлер және 10 жұп қыздар) спортшы қатысты. Олардың ішінде, әсересе Алматы, Астана қалалары мен Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары атынан сынға түскен спортшылардың үлесі басым болды.
Жарыс ұйымдастырушыларының айтуынша, ойын алаңында еліміздің ең мықты деген волейболшы жұптары бас қосты. Чемпионат ережесіне сай, ерлер мен қыздар жұптары бөлек сайысады.
Айта кетер жайт, шілде айының 23-25 аралығында дәл осы жерде волейболдан ел кубогі үшін жарыс та өткізілмек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу