Жағдай жақсарды деп босаңсуға болмайды – Ералы Тоғжанов

561

Еліміздің 7 өңірінде 15 провизорлық стационар жабылды.

Жағдай жақсарды деп босаңсуға болмайды – Ералы Тоғжанов

Вице-премьер коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша өткен мемлекеттік комиссия отырысының қорытындысын жариялағанда осылай деді. 

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 5 маусымынан бастап коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан бойынша жарияланған қатаң шаралар өз нәтижесін берді. Бүгінгі таңда аурудың тәуліктік өсімі 4%-дан 1,7%-ға  төмендеді. Аурудан жазылғандардың саны 66%-ға  жетті. Жедел жәрдем шақыру саны 40%-ға, оның ішінде коронавирусқа қатысты шақыру 52%-ға  азайды. Ауруханалардағы жататын орындардың қолдану деңгейі 90%-дан 40%-ға  дейін төмендеді. Осыған байланысты еліміздің 7 өңірінде 15 провизорлық стационар жабылды. Ауруханалар мен емханаларда бір айлық дәрі-дәрмек қоры қалыптасты. Бөлшек сауда нарығын қолдау үшін Қазақстанға шетелден 10 млн-ға жуық дәрі-дәрмек жеткізілді", – деді үкімет басшысының орынбасары. 

Ералы Тоғжановтың сөзінше, жағдай жақсарды деп босаңсуға болмайды. 

"Президенттің тапсырмасына орай бүгін премьер-министрдің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия карантин шараларын тағы 2 аптаға ұзарту туралы шешім қабылдады", – деді ол. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу