Жағдайды бақылай алмай қалу қаупі туып тұр – Дәурен Абаев

6443

6000 адам науқастармен байланыста болған.

Жағдайды бақылай алмай қалу қаупі туып тұр – Дәурен Абаев

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирустың таралуы бақылаудан шығып кетуі мүмкін екенін ескертті

"Бүгінгі тікелей эфирді онлайн-брифинг емес, үндеу деп қабылдаған жөн. Өздеріңіз көріп отырсыздар, індеттің таралуы үдеп барады. Бір түнде 40-тан астам адам анықталғаны алаңдататын жағдай. Қазір вирус жұқтырғандар саны 204-ке жетті. 1899 адам стационарлық карантинде... 6000-нан аса адам ауырғандармен байланыста болған. Олардың 95 пайызы анықталды. Қазір біз өте күрделі кезеңде тұрмыз. Вирус таралуын бақылай алмай қалу қаупі туындап отыр. Өзге елдердегі жағдайға қараңыздар. Италияда бір күнде 969 адам қайтыс болған. Оның барлығы сақтық шараларына салғырт қарағанның салдары. Бұл жағдай бәрімізге сабақ және ескерту болуы керек. Коронавиурс әсіресе жасы үлкен адамдарға қауіпті. Олардың ішінде бәрімізді атамыз бен әжеміз, әкеміз бен анамыз бар. Өзіміз үшін қорықпасақ та, ең болмаса сол үлкендерімізді ойлайық. Кейбір адамда ауру белгілері білінбеуі мүмкін. Ондай адам үйде отырмаса, өзі білмей адамдарға жұқтырады. Осылайша ондаған отбасының обалына қалуымыз мүмкін. Осындай жағдайдан сақ болайық, Қазір вирусқа қарсы ең тиімді күрес – карантин режимін сақтау",– деді министр тікелей эфир арқылы.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу