"Жағдайы ауыр": Ақтөбеде аулаға жүгіріп шыққан 3 жасар бүлдіршінді көлік басып кетті

389

Оқиға Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жағдайы ауыр": Ақтөбеде аулаға жүгіріп шыққан 3 жасар бүлдіршінді көлік басып кетті Фото: Бейнежазбадан

Оқыс жағдай ауладағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. 29 жастағы жүргізуші ішімдік ішпеген болып шықты.

"1 желтоқсан күні сағат 15:20-да Toyota көлігінің жүргізушісі 2021 жылы туған қыз баланы қағып кетті. Қазіргі кезде бала ауруханада. Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаменті.

Қазіргі кезде көлік айып тұрағына қойылды. Ал дәрігерлер баланың жағдайы туралы айтты.

"Ауруханаға әкелген бойда қабылдау бөлімінен соң реанимация және қарқынды емдеу бөліміне жатқызылды. Жалпы жағдайы дұрысталғаннан кейін травматология бөліміне ауыстырылды. Жағдайы ауыр. Бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы бар. Жамбас сүйегі сынған. Баланың қасында анасы бар", – деді облыстық көпсалалы балалар ауруханасының травматолог дәрігері Қуантай Махамбетов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу