"Жағдайы ауыр": Жамбыл облысында қатты желден 3 адам ауруханаға түсті

227

Бұл жағдай Қордай ауданындағы жағдай Жамбыл облысы әкімінің тікелей бақылауында.

"Жағдайы ауыр": Жамбыл облысында қатты желден 3 адам ауруханаға түсті Фото: canva.com

Қатты жел мен жаңбыр салдарынан Қордай ауданында болған жағдайды зерделеу мақсатында жұмысшы топ ауылдық округтерді аралап жүр, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Таулы жерлерде көлбеу су ағыны орын алды. Дегенмен, жеке аула аумақтарын, тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелмеді.

"Табиғи сипаттағы қатты дауыл салдарынан аудандық орталық ауруханаға 3 азамат қайырылды. 1 науқастың жағдайы ауыр, екеуі үйіне қайтарылды. "Береке" шаруа қожалығының 671 бас ұсақ малы мен 10 бас жылқысы суға ағып кеткені бойынша ақпарат расталмады. Қазіргі таңда ағын су салдарынан 6 бас ешкі, 1 қой, 1 бұзаудың өлексесі анықталды. 10-15 үй мен қора жайдың шатырлары ұшқан. Мал шығындары қосымша зерделеніп жатыр. Соғанды ауылында желдің жылдамдығы 45 м/с дейін жеткен. Ағын су салдарынан "Соғанды-Бетқайнар" автожолындағы көпір бүлінген. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметінің күшімен бекет қойылып, жол жүру қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шұғыл арада сметалық құжаттама әзірленетін болады. Соғанды ауылы бойынша 15 тұрғын үй және қора жайлардың ұшып кеткен шатырларын, "Beeline" ұялы байланысының мұнарасын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді Қордай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің берген мәліметтеріне сүйенсек, Соғанды ауылында құрамында 15 адам, 2 техника бар 3 бригада электр желілерін қосу үшін жұмыс атқарып жатыр. 

Аудандық "ҚазТрансГазАймақ" сынған газ құбырларын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Ал Беріктас ауылында электр желілерін қосу үшін 2 бригада жұмылдырылса, газ құбырларын қалпына келтіру үшін 4 бригада еңбек етуде. 

Газға, электр қуатына қосу жұмыстары бүгін аяқталмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу