"Жағымпазданудың үлгісі": Akon-ға шапан кигізген Динара Сәтжан сынның астында қалды

6544

Журналист Динара Сәтжан әнші, рэпер Akon-ды авторлық бағдарламасына қонақ етті.

"Жағымпазданудың үлгісі": Akon-ға шапан кигізген Динара Сәтжан сынның астында қалды Фото: видео скриншот

Әлемдік рэпер, танымал әнші Akon Астанадағы Конгресс-Холл сарайында жеке концертін өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Дүниежүзіне танымал әншіні журналист Динара Сәтжан бағдарламасына шақырып, қонақ етті.

“Салт-дәстүрді бұзбай әлемдік өнер жұлдызына шапан жаптық. Әншіге Отандық өнімді сыйлағанды жөн көрдік. Сыйлықтың ұнағаны сонша, концертіне киіп шығатын болды. Сонымен қатар жалғыз Akon-ға ғана емес, оның командасындағы жігіттерге де шапан кигіздік. Сұхбатқа келісіп берген ұйымдастырушыларға рақмет!”, – деп жазды журналист. 

Алайда оқырмандардың пікірі екіге бөлінді. Бірі шапан жапқанын жөн көрсе, енді бірі "жағымпаздықтың" үлгісін көрсетті деді.

“Біздің қазақ жағымпазданудан алдына жан салмайды. Өзіміздің қаншама жігіттеріміз бар ел алдына шығарып, шапан жабатын. Оларды ешкім елеп жатқан жоқ”, десе енді бірі шапан жабу рәсімі қай кезде орындалатынын түсіндірді.

“Оңды-солды ұлттық шапанды таратуды қашан қоямыз осы?! Қазақ жағалы киімді сыйлы үлкен жасты қонағының иығына жапқан, рас дәстүр бар, бірақ сырттан келген шетелдіктер біздің ұлттық киімді не істейді?! Сол ұлттық киімді сахнаға шығуға, немесе шетелге қазақ ұлттық мәдениетін дәріптеуге гастрольге барғалы жатқан өнерпаздарға сыйлайықшы. Бұл жерде Динараға жеке айтылған сын емес, жалпы осы қазақи шапанды қазақ емес қонаққа жабуды доғарайық деген ұсыныс. Әйтпесе француз президенті Франсуа Олландқа сыйлаған құндыз жағалы шапанның пакетке оралып қараңғы шкафта ілініп тұрған фотосын көргем. Француздың  белгілі актері Вэнсан Кассельге біздің белгілі дизайнеріміз арнайы тіккен шапаны да Вэнсанда емес қазір… оны анық білемін. Сәл ойланайықшы, қонақжайлық көрсетудің де түрі бар”, – дейді желі қолданушысы.

Алайда Динара Сәтжанның бұл ісін құптап жатқандар да жетерлік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу