"Жайдарман" жобасының басшысы ауысты

431

Бұған дейін жобаның атқарушы директоры Есен Елеукен республикалық телеарнаның бас продюсері қызметіне тағайындалды. 

"Жайдарман" жобасының басшысы ауысты Фото: facebook.com

Қазақстандағы танымал жастар жобасы – Жайдарманда кадрлық өзгерістер орын алды. Жобаның жаңа атқарушы директоры болып Жанасыл Болатбек тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

25 жылдық тарихы бар Жайдарман жобасы бүгінде миллиондаған аудитория жинайтын, жастардың креатив платформаларының біріне айналған.

Жобаның Қазақстан бойынша 20-дан астам филиалы, 150 өкілдіктігі бар, оның ішінде 5 республикалық лига мен 3 500 команданы қоса алғанда 10 000-нан астам шара ұйымдастырып үлгерген. 

Бұл ретте, Жайдарман жобасының хабарлауы бойынша ойындар кестесі өзгермейді және келесі JAIDARMAN TOP финалдық ойыны жооспарланғандай 23 қарашада Астана қаласының Орталық концерт залында өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу