"Жайқалған" жасанды қызғалдақ

852

Ақтау әкімі жасанды қызғалдақтарды жайқалтам деп көптің күлкісіне қалып еді, енді Тараз әкімі де елдің табасына қалды, деп хабарлайды Atameken Business.  

"Жайқалған" жасанды қызғалдақ

Ержан Жылқыбаев басқаратын қала билігі көне шаһардың 200 шаршы метр жеріне пластмасса гүлдер орнатқан. Ал оған қанша қаржы жұмсалды деген сауалға, демеушілердің дем беруімен жасалды деп кеткен соманы құпия қалдырды.

Дегенмен гүлдесте көптің көңілінен шықпады. Желі қолданушылары ұсқынcыз екенін алға тартып, мұны мемлекет қаржысын желге шашу деп жарыса жазуда.

Бұған дейін Ақтау әкімдігі қаланы дәл осылай жасылдандырамыз деп жұрттың сынына ұшыраған еді. Ал Тараз билігі Ақтаудан бұрын біз бірінші бастағанбыз дегенді айтып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу