"Жайлы мектеп": Ауылдарда бұрын-соңды болмаған мектептер бой көтеріп жатыр

163

Енді мектептің қай жерде орналасқаны маңызды емес. 

"Жайлы мектеп": Ауылдарда бұрын-соңды болмаған мектептер бой көтеріп жатыр Фото: skcn.kz

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов "Жайлы мектеп" жобасы бойынша салынатын мектептерде жоғары стандарттар қаперге алынатынын баса айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутат елдің білім беру жүйесінде тарихи өзгерістер болғанын айтты. Соның бірі –  Президенттің "Жайлы мектеп" жобасы.

"Енді мектептің қай жерде орналасқаны маңызды емес – ауылда ма, қалада ма – барлық жерде бірдей, жоғары стандарттар: заманауи жабдықтар, қауіпсіз орта, ерекше балаларға қолжетімділік. Бұл бұрынғыдай тек облыс орталықтарында ашылатын 20-30 элиталық мектеп емес. Бұл – бүкіл ел бойынша, оның ішінде шалғай ауылдарда салынған 217 жаңа әрі жайлы мектеп. Имидждік объектілер емес, шын мәнінде елге қажет мектептер мен ауруханалар салынып жатыр", - деді Аймағамбетов.

Өйткені әр жаңа мектеп – жай ғана ғимарат емес. Әр мектеп – нағыз болашақтың фабрикасы, деп атап өтті мәжілісмен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу