740 мың оқушыға арналған 369 заманауи мектеп салу жоспарлануда

712

Жобаны жүзеге асыруға барлығы 2,4 триллион теңге бөлінеді.  

740 мың оқушыға арналған 369 заманауи мектеп салу жоспарлануда Фото: baq.kz

2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын әзірлеуді және жүзеге асыруды тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір қазақстандық оқушының білім алуы мен жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдай жасалуы керектігін атап өтті.

Ұлттық жоба апатты мектептерді, үш ауысымда оқытуды және оқушылар орнының тапшылығын жоюға бағытталған.

  • Жоба аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа бағыттағы 369 заманауи мектеп салу жоспарлануда.
  • Қалаларда 205, ауылдарда 164 білім беру нысаны салынады.
  • 217 ғимараттың құрылысын 2024 жылы, тағы 152 ғимаратты 2025 жылы аяқтау жоспарланған.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу