"Жайлы мектеп" жобасы: Биыл 217 білім ордасы ашылады

507

163 мектеп ауылдарда салынады. 

"Жайлы мектеп" жобасы: Биыл 217 білім ордасы ашылады Фото: gov.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасының іске асырылу барысына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ғани Бейсембаевтың сөзінше, ведомство ұлттық жобаны іске асырудың барлық кезеңін бақылап, үйлестіреді.

"Ұлттық жоба еліміздегі оқушы орындарының тапшылығын шешуге, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін жоюға бағытталған. 2024-2025 жылдары 740 мың оқушы орнына арналған 369 мектепті, оның ішінде биыл

217 мектепті қолданысқа беру көзделген. Мектептер құрылысы бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асырылуда. Бұл ретте 163 мектеп ауылдық жерлерде салынады", - деді министр.

Ұлттық жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2,3 трлн теңге бөлу көзделген.

"Оның ішінде былтыр "Samruk-Kazyna Construction"-ге тиісті көлемде қаржы аударылды – 500 млрд теңге", - деп атап өтті Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу