"Жайлы мектеп" жобасы бойынша Алматыда биыл неше мектеп салынады?

Пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында 60 мыңнан аса уақытша жұмыс орны, 40 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.   

"Жайлы мектеп" жобасы бойынша Алматыда биыл неше мектеп салынады? Фото: Aikyn.kz

Қазақстан Үкіметі 2022 жылдың қарашасында "Жайлы мектеп" ұлттық пилоттық жобасын қабылдады. Ол мемлекет басшысының  2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде қолға алынған.

Жобаның мақсаты – қалалар мен  қарқынды дамып келе жатқан елді мекендердегі мектеп тапшылығын жою, үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептерден арылу.

"Ұлттық жоба шеңберінде салынатын орта білім беру ұйымдарында жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру да – жобаның басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар жоба ауыл мен қала мектептерінің білім сапасындағы айырмашылықты жоюы тиіс. Аталмыш жоба бойынша  2023-2025 жылдар аралығында  401 мектеп салынбақ. Алматыда бірінші кезеңде 13 мектеп салу жоспарланған", – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Таймбетов.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында 60 мыңнан аса уақытша жұмыс орны, 40 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу