"Жайлы мектеп" жобасы орын тапшылығын жоя ала ма?

278

Ұлттық жобаның басты мақсаты – үш ауысымды мектептер мен оқушы орындары тапшылығын жою.

"Жайлы мектеп" жобасы орын тапшылығын жоя ала ма? Фото: gov.kz

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Сенаттың жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сенатор Руслан Рүстемов оқу-ағарту министрінен "Жайлы мектеп" ұлттық жобасында көзделген мақсаттар мен нәтижелер оқушы орындары тапшылығын жоюға мүмкіндік бере ме деп сұрады. 

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ұлттық жобаның негізгі мақсаты үш ауысымды мектептер мен оқушы орындары тапшылығын жоюға бағытталғанын еске салды. 

"Бүгінде үкіметтің қаулысымен нысаналы құрылысты жүргізудің функциясы "Samruk-Kazyna Construction" АҚ белгіленген. Жалпы жоба негізінен 2 кезеңмен іске асырылып жатыр. Біріншісі – 2024 жылдың соңына дейін 217 мектептің құрылысын іске қосу, 2025 жылдың аяғына дейін қалған 152 мектептің құрылысын іске асыру белгіленген. Сондықтан бірінші кезең бойынша 1 қыркүйекке дейін 98 мектептің құрылысын іске қосу көзделіп отыр. Бұл негізінен 200 мың оқушы орнының тапшылығын жоюға бағытталған. Қалған мектептерді жыл соңына дейін іске қосу белгіленген. Жалпы бүгінгі таңда министрлік күнделікті Битрикс ақпараттық жүйесі арқылы бүкіл құрылысты электронды деңгейде бақылап отыр", - деді ведомство басшысы Сенаттың жалпы отырысында.

Министр бұл жоба Үкіметтің қатаң бақылауында екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу