– 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасымен 1300 мектепті жаңғырту жобасы іске асырылуда және осы жаңғыртылған "жайлы мектептерді" күтіп ұстауға қосымша қаражат қарастырылуда. Бұл шығыстар жергілікті бюджеттерде бұрын ескерілмеген. Алдын ала болжам бойынша, 217 "жайлы мектепті" күтіп ұстауға жыл сайын 7 миллиард теңге қажет болады. Сондай-ақ, 2026-2027 жылдары 1300 мектепті жаңғыртуға шамамен 700 миллиард теңге қажет деп күтілуде, – деді вице-министр.
Министрлік, сонымен қатар, жеке меншік білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жыл сайын бөлінетін 260 миллиард теңгенің шығыстарын жергілікті бюджеттердің мойнына жүктемекші.
Жергілікті бюджеттерге қосымша мынадай шығыстарды беру жоспарлануда:
– мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтердің еңбекақысын ұлғайтуға жыл сайын шамамен 93 миллиард теңге; – мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы медициналық қызметкерлердің еңбекақысын ұлғайтуға жыл сайын шамамен 4 миллиард теңге; – колледждердегі білім алушылардың мемлекеттік стипендиясын ұлғайтуға жыл сайын шамамен 100 миллиард теңге.
Бұл ұсыныстар Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірге нақты пысықталатын болады, – деп хабарлады Еділ Оспан.