"Жайлы мектепті" кімдер салады?

682

Биыл елімізде 187 жайлы мектеп салынуы тиіс. 

 "Жайлы мектепті" кімдер салады? Фото: inbusiness.kz

Құрылысқа қолданылатын материалдардың 70 пайызы отандық компаниялардан алынбақ. Одан бөлек жаңа білім ордаларын жабдықтау міндеті де өз кәсіпорындарымызға жүктелмек. 

Бұл туралы ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында өткен көрмеде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов мәлімдеді.

Оның сөзінше, бұл мектептердің құрылысына қатысты көп пікірталас туған. Алайда, отандық кәсіпкерлерді таңдаудың ұтымды тұстары көп екендігі дәлелденіп отыр. Біріншіден, жұмсалғалы жатқан қаржының 35 пайызы үнемделсе, екіншіден, тапсырыс беруші мен жеткізушінің ортасында тұрақты келісімшарт болады. Бұл өнімнің бағасын бірқалыпта ұстап тұруға мүмкіндік береді. Және ең бастысы елдегі кәсіпорындар қолдауға ие болады. 

"Қазіргі шараға қатысушылар отандық өндірушілер. Құрылыс бағытындағы және жиһаз өндірушілер. Елде озық мекемелер бар. Соны көрсетейін деп жедел түрде осы шараны өткізіп жатырмыз", дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов.

Отандық компаниялар 70-75 пайызын жасап бере алады. Арықарай ол кішкене қиын материалдар және бұған дейін көбіне қазақстандықтан алынбағаннан кейін отандық компаниялар дайын емес. Ол әр продукт бойынша бөлек қарастыру қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу