Жайма базарлар жаппай сүрілді

881

Түркістан саудагерлері шу шығарып, дау бірнеше адамның қамауға алынуымен аяқталды.

Жайма базарлар жаппай сүрілді

Түркістанның жергілікті билігі жайма базарларды жоюға кірісті. Осылайша жарты шақырымға созылып жатқан мыңнан астам сауда нүктесін сүріп тастады.

Әкімдік өкілдері бұған дейін көкөніс пен жеміс-жидек сататын саудагерлерге бірнеше рет ескерту жасаған. Алайда олар өз еркімен кетуге асықпаған. Ал бүгін шу шығарып, нарызылық  білдірді. Айтуынша,  шенеуніктер ұсынған базарда мұндағыдай сауда жоқ. Кейбіреулері дүңгіршектерін қорғау үшін полицейлермен жұдырықтасуға дейін барды.  Дау бірнеше адамның қамауға алынуымен аяқталды.

Айта кетейік, Түркістан билігі саудагерлерге жаңа базардан орын ұсынған.  Онымен қоса,  алғашқы 3 айда жалдау ақысынан босатамыз деп уәде беріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу