Жәйремдегі төбелес: 7 адам қамауға алынды

2143

Оларға "бұзақылық жасады және бөтеннің мүлкін ұрлады" деген айып тағылған.

Жәйремдегі төбелес: 7 адам қамауға алынды

Жәйрем кентінде шетелдіктермен болған төбелеске қатысқан 7 адам қамауға алынды. Қарағанды облыстық полиция демартаментінің хабарлауынша, күдіктілер 22 мен 33 жас аралығында азаматтар. Оларға "бұзақылық жасады және бөтеннің мүлкін ұрлады" деген айып тағылған.

Еске салсақ, Жәйремдегі кен орнындағы шу 13 тамызда тіркелген болатын. 100-ге тарта адам комбинат аумағына басып кіріп, жұмысшыларды жаппай ұрып-соққан.

Бейресми ақпарат бойынша, өндіріс орнында жұмыс істейтін шетелдік азаматтың бірі жергілікті қыздың жалаңаш суретін желіге салған деседі. Содан ауылдың жастары әлгінің сазайын бермекке комбинатқа келген. Бірақ кейін бұл ақпаратты құзырлы орган жоққа шығарып, қақтығыс комбинаттағы жұмысшылардың арасында болғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу