Жайық балығының қырылуына күдіктілер сотта жауап беруде

1713

Атыраудағы №2 сотта балық қырылуына қатысты екі азаматтың ісі қаралуда.

Жайық балығының қырылуына күдіктілер сотта жауап беруде

Олар – «Атырау Су Арнасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры мен оның орынбасары, деп хабарлайды  Atameken Business.

Күдіктілерге 3 бап бойынша айып тағылып отыр. Атап айтқанда «судың ластануына байланысты қоршаған ортаға келген зиян», «ірі көлемде бөтеннің мүлкін жою» және мекеме директорына қосымша қылмыстық кодекстің 371-бабы «Немқұрайлылық» бойынша айып тағылған. 

Естеріңізде болса суға тасталған зиянды заттардың кесірінен Жайықта тонналап балық қырылған болатын. Өзен бойында орналасқан балық зауыттарында қолдан өсірілген бекіре де жаппай жойылып кетті. Мамандар су құрамын тексеру барысында  хлорид концентрациясын мөлшерден тыс болғанын анықтаған. Ал балықтың құрамынан өте көп мөлшерде аммиак токсиндерін тапқан. Арнайы комиссия істі тексеру барысында суға зиянды қалдықтар рұқсатсыз тасталды деген шешім шығарған.

Айта кетейік істі президент Қасым Жомарт Тоқаев жеке назарға алып, айыптыларға тиісті жаза тағайындау керек деген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу