Жайықта балықтардың неден қырылғаны әлі белгісіз

1377

Жайықта балықтардың неден қырылғаны әлі белгісіз

Жайық өзенінде балықтың қырылуына байланысты зерттеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Желтоқсан айының басында Жайық өзенінде балықтың қырылу фактісі тіркелген болатын. 10 желтоқсан күні облыстық әкімдікте ведомствоаралық комиссияның жиыны өтті.

Бүгінгі таңда 110 дана балықтың өлексесі анықталды, ал тірі балықтардың жағдайы алаңдатарлықтай. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өкілдерінің айтуынша, зертханалық зерттеулер жүргізіліп, су құрамы таза, адамдардың өміріне залалсыз екенін анықтаған.

"Қазір жағдай толықтай бақылауда. Төтенше жағдай тек Атырау қаласы бойынша орын алды, аудандарда мұндай ақпарат тіркелмеді. Алынған сынамалар бойынша тексеріс жұмыстары жүргізілді. Аталған жағдай тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізбейді",- дейді Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Темірбек Мұсағалиев.

Комиссия отырысында Нұрлан Ноғаев атқарушы органдарға бірқатар тапсырма берді.

Айта кетейік, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарларды қорғау инспекциясымен ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссия құрамына Атырау облыстық балық шарушылығы басқармасы, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, экология департаменті, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты, ветеренариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы, төтенше жағдайлар департаменті мен Атырау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары енді. Зерттеу барысында xимиялық зерттеу су сынамалары алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу