Жайық бойына өзен вокзалы салынады

1130

 Жайық бойына өзен вокзалы салынады

Атырауда өзен вокзалы салынады. Бұл туралы, Атырау қаласы әкімі Серік Шапкенов айтты, деп хабарлайды atpress.kz.

Қазіргі уақытта өзен вокзалының жобасы әзірленуде. Жергілікті кәсіпкерлер мен тауар өндірушілермен кездесу барысында "Амангелді" ЖШС директоры Сәбит Сағидуллин  қазіргі таңда әкімдіктің жылу маусымында өзен трамвайлары жүретін екі айлақты бөліп бергенін айтты. Кәсіпкер енді аумақты тазалап, көгалдандырып, онда гүлдер өсіріп, орындықтар қоюды жоспарлап отыр. 

"Егер сіз аумақты қабылдауға дайын болсаңыз, оны көгалдандырып, өсіріп, баптаңыз және жаңа жұмыс орындарын ашыңыз - бұл керемет, біз сізге осы мүмкіндікті береміз", - деді оған Серік Шапкенов кездесу кезінде.

Айта кетелік, Жайық Еуропа мен Азия арасында ағып жатқан бірегей өзен, ол Атырау қаласына арналған визит карточкасы болып саналады. Ал, өзен вокзалы Қазақстанның мұнайлы өңіріне туристерді тарту үшін жаңа мүмкіндік болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу