Жайық-Каспий түбін тереңдету жұмыстарына 12 млрд теңге қажет

646

2024 жылы Жайық-Каспий теңіз каналын тереңдету бойынша ауқымды жұмыс басталады.  

Жайық-Каспий түбін тереңдету жұмыстарына 12 млрд теңге қажет Фото: gov.kz

Бұл жұмыстарға көлік министрі Марат Қарабаев бюджеттен 12 млрд теңге қарастырылғанын хабарлады.

"2024-2025 жылдарға арналған бюджетте 12 млрд теңге қарастырылған. Жұмыс келесі жылы басталады. Біз бұл арнаның тереңдігін 2,5 метрге жеткіземіз. Бұл жұмыс 2025 жылы аяқталады, сол жылы бұл арна Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне қосылады, - деді Марат Қабаев.

Су түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы мәселені Мәжілісте депутаттар көтеріп, елімізде трансшекаралық өзендердің таяз болуына байланысты кеме қатынасында кейбір қиындықтар туындағанын атап өткен еді. Жайық-Каспий теңіз каналының тереңдігі шамамен 30-40 см құрайды, нәтижесінде канал арқылы жүк тасымалы шектеулі. Балықшылар да зардап шегуде. Канал түбін тереңдету жұмыстарына қаражат бөлуді Парламент қолдаған.

Бұл жоба KPI және ТШО сияқты компаниялардың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Тасымалдаудың болжамды көлемі шамамен 1 млн тоннаны құрайды. Келешекте кеме қатынасы параметрлерін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін түбін тереңдету техникасын сатып алу жоспарлануда.                                                                                                                                                                                                                     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу