Жайық өзені балық өлекселерінен тазартылып жатыр

1746

Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылуына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды. Қазір осы апатқа кінәлілердің анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жайық өзені балық өлекселерінен тазартылып жатыр

Мұзы ери бастаған соң Жайық өзенін қырылған балықтардан тазартау жұмыстары күшейе түсті. Осы іске күн сайын ондаған адам жұмылдырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсанында Атырауда балық қырылған болатын. 

Балық өлекселерінің бір бөлігі сол кезде жиналған, қалғанын өзен мұзының қатуына байланысты жинап алу мүмкін болмап еді. 

"Балық өлекселерін жинау үшін балық шаруашылығы басқармасының, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының "Арнайы автобаза" қызметкерлері жұмылдырылды. Тазарту жұмыстары Жайықтың жағалау маңы бөлігінде, қала аумағында, Геолог, Атырау, Дамба ауылдық округтерінің аумағында жүргізілуде. Сонымен қатар балық аулайтын "Амангелді" ЖШС кооперативінің кемесі өзеннің мұзын жарып жатыр. Алдағы уақытта табиғатты пайдаланатын кәсіпорындардың өзендерде жүретін көліктерін қолдана отырып, өзеннің бүкіл аумағындағы балық өлекселерін жинаймыз", – дейді Атырау облыстық балық шаруашылығының басшысы Артур Сәдібекұлы.

Оның айтуынша, жиналған балық өлекселерінің барлығы "Арнайы авто база" ЖШС аумағында жойылады. Әрі өңірдің балық қорына келген залал айқындалады.

Жайық өзенінде балықтардың жаппай қырылуына байланысты екі қылмыстық іс қозғалды. Қазір осы апатқа кінәлілердің анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер мен ветеринарлар балық өнімдері сатылатын орындарды қадағалапотыр, ал экологтар күн сайын Жайықтан сынамалар алып тексеруде. Әзірге тұрғындар арасында улану жағдайлары тіркелген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу