Жайық өзені бойында рейд өткізілді

1197

Қазір Жайық өзенінің жағасындағы мұздың қалыңдығы 10-12 см, орта тұсына қарай 3-4 см шамасында, ал кей жерінде мұз әлі қатпаған.

Жайық өзені бойында рейд өткізілді

2020 жылғы 24 қарашада  Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен және жергілікті "AtyrauTV" телеарнасының өкілдерімен бірлесіп Атырау қ. Жайық өзені бойында ауқымды рейд жүргізді, деп хабарлайды ТЖД Жұртшылыкпен байланыс тобы. 

Рейдтің басты мақсаты – күзгі мезгілде Жайық өзенінде қалыптасқан жұқа мұздың қауіпті жағдайын халыққа түсіндіру.

Рейд барысында қызметкерлер Жайық өзені бойымен Айналма көпірінен Балықшы көпіріне дейін жүріп өтіп, үлкендермен қатар, мұз үстінде конькимен, шанамен сырғанап жүрген кішкентай бүлдіршіндерді кезіктірді. 

Олардың әрқайсысымен әңгімелесу өткізіп, жұқа мұз үстінде жүру өте қауіпті екенін түсіндірді. Қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында, ата-аналарға балаларын қатаң қадалағап жүруді тапсырып, дауыс зорайтқыш құрылғысымен жұқа мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін айтып, жадынамалар таратты.

"Балық аулап отырып спирттік ішімдіктерді қолданатын балық аулаушылар, біздерді қатты алаңдатады. Әдетте мас күйінде көптеген адамдар қаза болуы мүмкін, өйткені адам өз қимылын қадағалай алмай қалады. Сол себепті департамент қызметкерлері қысқы балық аулау әуесқойларына жеке құтқару құралдарын үнемі өздерімен бірге алып жүруге, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады", - деп түсіндірді Департаменттің Төтенше жағдайлар жағдайларды жою бөлімі бастығының м.у.а азаматтық қорғау капитаны Ж.Демешов. 

Бірлесіп өткізілген рейд нәтижесінде 40-қа жуық Атырау тұрғыны ақпараттандырылды. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу