Жайық өзені мемлекеттік маңызды су нысандарының тізіміне алынбақ

1385

Жайық мемлекеттік маңыздағы су нысандарының тізіміне алынады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жайық өзені мемлекеттік маңызды су нысандарының тізіміне алынбақ

"Бізде мемлекеттік маңыздағы су нысандарының тізбесі бар. Бұл тізімдегі өзендердің алабында шаруашылықтың айрықша режимі сақталуы керек. Қазір біз Жайық өзенін мемлекеттік маңызы бар су нысандары тізбесіне енгізу үшін ғылыми негіздеме дайындап жатырмыз. Демек мемлекеттің бұл өзенге деген көзқарасы, қамқорлығы да жақсырақ болады деген сөз. Мұндай нысанда шаруашылық та басқаша жүргізіледі", – Серік Қожаниязов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу