Аралдар пайда бола бастаған Каспий теңізінің жағдайы да көңіл көншітпейді. Ірі компаниялардың ауаны ластау көрсеткіші жылдан жылға артып жатыр. Атырау өңірінің жалпы экологиялық ахуалы арнайы жиында талқыланды. Жауаптылар өзекті тақырыпты Біріккен Ұлттар ұйымы деңгейінде көтеруді ұсынып отыр. Ал белсенділер болса атмосфераны ластап жатқан алпауыт компанияларға өкпелі. Сынағандарды сотқа сүйремей, мәселені біржақты ету керек дейді олар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу