Жайық өзенінде қырылған балық 123 тоннадан асты

2102

Қазіргі күні арнайы комиссия Жайық өзеніне бес бірдей заңсыз ағызу көзін анықтады. 

Жайық өзенінде қырылған балық 123 тоннадан асты

Жайық өзенінде қырылған балық 123 тоннадан асты. Бұл туралы АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"16-17 наурыз аралығында Жайық өзенінен 5,8 тонна өлген балық жиналды. Жайық өзенінен жиналған өлі балықтар саны 19,2 тоннаға жетті. Осы уақытта дейін Жайықта өлген балықтар саны 123,2 тоннаны құрады. Бүгінгі күні өлген балықтарды жинау жұмыстары жалғасуда. Өлекселер "Спецавтобаза" ЖШС-ға тапсырылып, жоюлуда", – деп делінген хабарламада.

Қазіргі күні арнайы комиссия Жайық өзеніне бес бірдей заңсыз ағызу көзін анықтады. Мамандардың пайымынша, балықтардың жапай қырылуына сол арналармен жіберілген зат себеп болуы мүмкін. Қазір жергілікті билік аталмыш аймақтар кімге тиесілі екенін анықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу