Жайық өзенінде су деңгейі түсіп келеді

257

БҚО-да су тасқынының алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстары әлі күнге дейін жалғасып жатыр. 

Жайық өзенінде су деңгейі түсіп келеді Фото: Үкімет

Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өткен тәулікте 9 адам эвакуацияланды. Су тасқыны кезеңінде жалпы саны 13 989 адам эвакуцияланған болатын, оның 5782-сі балалар. Облыстағы 12 эвакуациялық пунктте 2447 адам бар. Қазір Жайық өзенінің су деңгейі түсіп келе жатыр. Өткен тәулікте бұл көрсеткіш 4 см-ге түсті. Оның қауіпті деңгейі 8 метр 50 см деп есептеледі. Қазіргі күні 5 см-ге өзінің қауіпті деңгейінен артып отыр. Облыстың ішіндегі 4 аудан және қала бойынша халықты эвакуациялау, құлақтандыру және дамбыларды қою, бекіту жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда", - деді спикер ОКҚ-де өткен брифингте (ZOOM).

Сөзінше, облыс бойынша жағдай тұрақты. 

"Алдағы 27-28 сәуір күндері өзінің қауіпті деңгейінен түседі деген болжам бар. Біздің облысқа республиканың 14 өңірден қосымша күш-құралдар келген болатын. Қазір басым бөлігі облыстан жіберілді", - деп атап өтті Нұржан Төлеуіш.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу