Жайық өзеніндегі су деңгейі Атыраудағы Индерборда – 10, Махамбетте 9 метрден асты

228

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жайық өзеніндегі су деңгейі Атыраудағы Индерборда – 10, Махамбетте 9 метрден асты Фото: caspianlife.kz

Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, 9 мамырда таңертеңгі 08:00-де Жайық өзенінің деңгейі Индербор кентінде 992 см болған. Ал, кешкі сағат 20:00-де 1005 сантиметрге жетті. Қазір бұл деңгей қауіпті шектен 160 сантиметрге көбейген.

Махамбет ауданында Жайық өзеніндегі судың көтерілуіне байланысты жағалауды бекіту жұмысы жалғасып отыр. Осындай жұмыс Бейбарыс ауылдық округіне қарайтын Талдыкөл ауылында жүргізілді.

Су арнасының деңгейі Атырау қаласында кешкі сағат 20:00-де 525 сантиметрді көрсетіп тұр. Шаһар тұсында 550 см қауіпті шек ретінде белгіленген. Жайық өзеніндегі су қала маңындағы Жаңаталап ауылында 377, Еркінқала елді мекенінде 337 сантиметр құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу