Жайық өзеніндегі су деңгейі шекті белгіден асып кетті

1051

Махамбет ауданында барлық балабақша жұмысын тоқтатқан. 

Жайық өзеніндегі су деңгейі шекті белгіден асып кетті Фото: ашық дереккөз

Төтенше жағдай бойынша жедел штаб Атырау облысы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша жедел мәлімет жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жайық өзеніндегі су деңгейі 2024 жылғы 5 мамырда сағат 20.00-де 08.00-мен салыстырғанда былайша өзгерді:

Индербор ауылы + 15 см, су деңгейі – 867 см, қауіпті деңгейі – 845 см;
Махамбет ауылы + 7 см, су деңгейі – 853 см, қауіпті деңгейі – 850 см; 
Атырау қаласы + 4 см, су деңгейі – 493 см, қауіпті деңгейі – 550 см. 
Жаңаталап ауылы + 3 см, су деңгейі – 352 см, қауіпті деңгейі – 500 см;
 Еркінқала ауылы + 3 см, су деңгейі – 312 см, қауіпті деңгейі – 450 см. 

Сонымен қатар жедел штаб Махамбет ауданында барлық балабақша жұмысын тоқтатқанын хабарлады. 

“Махамбат ауданы бойынша су тасқыны қаупі сейілмеуіне байланысты аудандық жедел штаб шешімімен 6 мамырдан бастап барлық бөбекжай-бақшалардың жұмысы тоқталылғанын хабарлаймыз”, – деп жазды Махамбат ауданының ТЖ бойынша жедел штабы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу