Жайық өзеніндегі су деңгейі Тайпақ ауылы тұсында 580 сантиметрден асты

490

Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы гидробекетте бір тәулікте 19 сантиметрге көтерілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жайық өзеніндегі су деңгейі Тайпақ ауылы тұсында 580 сантиметрден асты Фото: Қазгидромет

"Қазгидромет" РМК БҚО филиалының 27 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша Тайпақ тұсында су деңгейі 581 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.

Есесіне басқа гидробекеттерде Жайықтағы су деңгейі төмендеп келеді. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданы Январцев ауылында 864 (-8, қауіпті шегі – 1 250 см), Орал қаласында 851 (-4, 850 см), Көшімде 852 (-3, 850 см) сантиметрді көрсетті.

Облыстың басқа да өзендерінде су деңгейінің түскені байқалады. Аұжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин Жайық суы бақылауда, ауданда жағдайдың қалыпты екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу