Жайық өзеніндегі жағдайды жіті зерттеу үшін Астанадан комиссия барды

1209

Олар суға сүңгуір түсіріп, өзен табанынан сынама алды. Комиссия мүшелерінің айтуынша, қазір төрт түрлі сараптама жүргізіліп жатыр. 

Жайық өзеніндегі жағдайды жіті зерттеу үшін Астанадан комиссия барды

Жайық өзеніндегі жағдайды жіті зерттеу үшін Атырауға салааралық комиссия барды. Құрамында денсаулық сақтау, энергетика, ішкі істер және ауыл шаруашығы министрліктері мен экологиялық реттеу және қадағалау комитетінің басшылары бар, деп хабарлайды 24.kz.

Олар суға сүңгуір түсіріп өзен табанынан сынама алды. Комиссия мүшелерінің айтуынша, қазір төрт түрлі сараптама жүргізіліп жатыр. 

"Басты міндет апатты жағдайдың салдарын жою. Яғни тұрғын халықтың саулығын сақтау. Мамандар 80-нен астам сынамалар алды. Төрт түрлі сараптама жүргізіліп жатыр. Бірақ әзір тексеру аяқталмағандықтан оның қортындысын айтуға әлі ерте", – дейді ҚР ЭМ экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зұлфұхар Жолдасов.

Қарт Жайыққа келген зардап орасан. Өткен желтоқсан айында мұз бетінен 111 тонна балық жиналды. Өкінішке қарай, оның 100 тоннадан астамы бағалы бекіре тұқымдастар. 

Өзен бойында  орналасқан 3 аудан мен Атырау қаласының егін мен мал шаурашылығы Жайыққа тікелей тәуелді. Онан өзге облыста балық аулаумен айналысатын 19 өндірістік кооператив бар. Олар байырғы кәсіптеріне кіріспек. Егер Жайық өзенінде орын алған апатты жағдайдың сыры ашылмаса, балықшылардың күнкөрісі қиындайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу