Жайық өзеніне 3000 бекіре шабағы жіберілді

222

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Жайық өзеніне 3000 бекіре шабағы жіберілді Фото: АШМ

"Қазыналы Каспий" халықаралық балық аулау фестивалі аясында Жайық өзенінің балық қорын толықтыруға бағытталған экологиялық акция өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шара барысында өзенге 3000 бекіре шабағы жіберілді. Атырау бекіре өсіру зауытының цех меңгерушісі Нұрболат Сүпіғалиевтің айтуынша, биыл өсірілген балықтардың салмағы 3,5 грамнан асқаннан кейін ғана табиғи тіршілік ортасына жіберілуде.

"Бұл жұмыс балық қорын көбейту және су экожүйесін сақтау тұрғысынан аса маңызды", – деді Нұрболат Сүпіғалиев.

Айта кету керек, зауытта бекіре тұқымдас балықтардың бірнеше түрі өсіріледі. Олардың қатарында қортпа, бекіре, шоқыр, пілмай және сүйрік бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу