Жайық өзеніне әкесі мен ұлы батып кетті

425

Олар жабдықталмаған жерде суға түскен.

Жайық өзеніне әкесі мен ұлы батып кетті Фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысындағы су қоймаларында 3 адам құтқарылды, тағы біреуін іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

13 тамызда сағат 16:47-де құтқару тобына Жағалау көшесі бойында Жайық өзеніне үш адамның батып бара жатқаны туралы хабарлама түскен.

Суға батқандар 49 жастағы ер адам мен 12 және 17 жастағы екі жасөспірім. Құтқарушылар ересек адам мен 12 жастағы баланы судан алып шықты.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше,  49 жастағы ер адам құтқару кезінде ес-түссіз жатқан. Құтқарушылар жүрек-өкпе реанимациясын жасап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Алайда ер адам есін жимай көз жұмды.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 17 жастағы жасөспірімнің мәйіті төрт сағаттық іздеуден кейін табылып, судан шығарылған. Оқиға орнында 12 құтқарушы мен екі техника жұмыс істеді.

Марқұм судан құтқарылған ер адамның ұлы болып шықты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу