Жайық өзеніне батып кеткен баланы іздеу жұмыстары нәтиже бермей отыр

811

19 маусым күні түс кезінде Атырау облысы Индер ауданының орталығы – Индербор кентінде 13 жасар ер бала Жайық өзеніне батып кетті. Бала суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған. Ол мұнда жазғы демалысын өткізу үшін Маңғыстау облысы Бейнеу ауданынан келген.

Жайық өзеніне батып кеткен баланы іздеу жұмыстары нәтиже бермей отыр

Қазір оны Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, сонымен бірге жергілікті тұрғындар іздестіріп жатыр. Әзірге іздеу жұмыстары нәтиже бермей отыр.

"Іздестіру жұмыстары 20 маусым күні таңғы 7.50-де басталып, сағат түнгі 00.20 минутта нәтижесіз тоқтатылды. Іздестіруді қайтадан 21 маусым күні сағат 09.10 бастап, Жайық өзеңінде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", – деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Іздестіру жұмыстарына жедел-құтқару жасағының төрт қызметкері мен бір техника, бір қайық және аудандық полиция бөлімінің төрт қызметкері мен бір техника, 10 жергілікті тұрғын мен бір техника жұмылдырылды.

Айнұр Сапарова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу