БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 10 мамыр күні Теректі ауданында болған.
"Сағат 16.41-де Жайық өзені бойымен жүзуді жоспарлаған адамдардан эвакуациялау жөнінде өтініш түскен. БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағы және 12-өрт сөндіру бөлімшесі күш-құралдарының және дронның көмегімен Сәуір жары туристік аймағы маңынан 7 адам табылып, қауіпсіз жерге шығарылды. Олар жағалауға өз бетімен жете алмаған, қайықтың біреуін өзен ағыны алып кеткен", - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында қоқыс полигоны өртеніп жатқанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу