Жайық өзенінің арнасынан 1,3 тонна өлі балық жиналды

1551

Олардың басым бөлігі ақтабан және торта балықтары.

Жайық өзенінің арнасынан 1,3 тонна өлі балық жиналды

Жайық өзенінің "Приморский" деп аталатын арнасынан 1,3 тоннаға жуық өлі балық жиналды, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан Атырау облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Инспецкия барлық өлі балық 21 сәуірде табылғанын жеткізді. 

"Олардың басым бөлігі ірі ақтабан және торта балықтары. Алдын ала болжам бойынша қатты соққан желден "Приморский" арнасының сазды-таяз жерлері теңіз суына толып қалған. Сазды су арнаға құйылып, балықтар уланған. Алайда олардың көбі Жайық өзеніне дейін барып, қолайлы ортаға түскен. Ал 27 келі өлі балық утилизацияланды", – деп жазылған хабарладамада. 

Бірақ 24 сәуірде өзен арнасынан тағы біраз өлі балықтар табылған. Тексеріс барысында мамандар олардан жарақат белгілерін байқамаған. Сондықтан олар желдің бағыты өзгерген соң бұрын өлген балықтар қамыстардың арасынан шыққанын айтады.

"730 келі балық жиналды. Оның 450 келісі ақтабан, 280 келісі торта. 25 сәуірде өзен арнасынан қосымша 130 келі ақтабан мен 350 келі торта жиналды", – деп жазылған хабарламада. 

Өлі балықтар табылған өзен арнасы тәулік бойы бақылауға алынған.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу