Жайық өзенінің бойында 473 шақырым қорғаныс бөгеті салынды

217

Атырау облысында Жайық өзенінің бойында 473 км қорғаныс бөгеті салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жайық өзенінің бойында 473 шақырым қорғаныс бөгеті салынды Фото: @KZgovernment

Атырау облысында Жайық өзеніндегі судың көтерілуіне және Иреклі су қоймасынан келетін судың артуына байланысты жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда.

"Бүгінгі таңда Жайық өзенінің бойында ұзындығы 520 км-нің 473 км қорғаныс бөгеті салынды, 22 сәуірдегі жағдай бойынша 15 мыңнан астам адам, 1,5 бірлік техника жұмысқа тартылды. Жұмыстар Индер, Махамбет, Исатай аудандарында және Атырау қаласында жүргізілуде", - деді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Сонымен қатар, Жайық өзені суының Каспий теңізіне құйылуын жеделдету мақсатында су түбін тереңдету жұмыстары жалғасып жатыр. Су түбін тазарту және кеңейту жұмыстарына 5 арнайы техника жұмылдырылды. Жылыой ауданының Құлсары қаласында соңғы тәулікте 16 үйде электрмен, 300 үйде газбен жабдықтау қалпына келтірілді, дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда.

Өткен тәулікте 80-нен астам үйде дезинфекциялау жүргізілді. Біржолғы материалдық көмек алуға 3398 өтініш қабылданды. Төлемдер 3201 отбасына берілді. Залалды бағалау және төлеу жөніндегі комиссия жұмысын жалғастыруда. 2272 тұрғыннан өтініштер қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу