Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласы тұсында 685 сантиметрге жетті

313

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жайық өзенінің деңгейі Орал қаласы тұсында 685 сантиметрге жетті Фото: Ғасағали Сейтақ

6 сәуір күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәлімет бойынша өзен суы бір тәулікте 24 сантиметрге көтерілді.

Сондай-ақ Жайық Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 739 (өсім – 41, қауіпті шегі – 1250 см), Көшім гидробекетінде 608 (+55, 850 см) сантиметрді көрсетті. 

"Оған қоса Шаған өзені Чувашин бекетінде 1 322 сантиметрге (+12, 1300) жоғарылады. Облыста басқа өзендерде су деңгейінің түсуі байқалады", – деді Т.Шапанов. 

БҚО ТЖ департаменті бастығының орынбасары Қанат Қарабалаевтың айтуынша, Асан ауылы ауданындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында 12 мың қап толтырылды. Оған ҚР ТЖ министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық ұлан және "Орал "Зенит" зауыты" АҚ-дан 132 адам (6 техника) жұмылдырылды. 

"Жайық өзені жайылмаларында орналасқан 1, 2, 3-саяжай қоғамдастықтары және "Нұрлы жол" бау-бақша серіктестігінде тұрғындарға қауіпсіз жерлерге алдын ала көшу қажеттігі түсіндірілді. Шаған, Деркөл және Жайық өзенінің деңгейіне 12 жерде мониторинг жүргізілуде. "Лесовод-1" бау-бақша серіктестігінен 3 адам эвакуацияланды. Сонымен қатар Бәйтерек ауданы Январцев, Дариян, Рубежка және Озерный ауылдарында бөгеттер нығайтылды. Мичурин мен Асан ауылы тұсында жағалауды бекіту жұмыстары атқарылды. Қауіпті учаскелерді аралау кезінде Жалын елді мекенінен 1 шақырым жерде "Артур" шаруа қожалығында 4 адамның қалғаны анықталды. Олар эвакуациялаудан бас тартты. Өңірде су тасқынына қарсы күрес жалғасып жатыр", – деді Қ.Қарабалаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу