Жайық өзенінің Орал қаласы тұсындағы деңгейі 755 сантиметрге жетті

234

Жайық өзенінің Орал қаласы тұсындағы деңгейі бір тәулікте 12 сантиметрге көтерілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жайық өзенінің Орал қаласы тұсындағы деңгейі 755 сантиметрге жетті Фото: Ғайсағали Сейтақ

"Қазгидромет" РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың 14 сәуір күнгі сағат 08.00-дегі мәліметіне қарағанда, өзен деңгейі 755 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.
Жайық деңгейі Бәйтерек ауданы Январцев гидробекетінде 1 сантиметрге (803 см, қауіпті деңгейі – 1 250 см) төмендегенімен, басқа тұстарда жоғарылағаны байқалады. Айталық, Оралдан басқа Көшім ауылы тұсында өзен деңгейі 739 (+21 см), Тайпақта 448 (+8) сантиметрді көрсетті.

Оған қоса Көшім каналындағы су деңгейі 4 сантиметрге өсіп, қауіпті шектен (800 см) 7 сантиметрге асып кетті.

Сондай-ақ Бәйтерек ауданында Рубежка өзеніндегі су деңгейі 816 сантиметр (+7, қауіпті шегі – 1000 см) болды.

Облыстың басқа өзендерінде су деңгейі түскен.

Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы күрес жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО полицейлеріне Шымкенттен гуманитарлық көмек жеткізілгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу