Жайық өзенінің су деңгейі шекті мөлшерден асып кетті

269

Атырау облысындағы Жайық өзенінің су деңгейі туралы 26 мамыр күнгі 08:00 сағаттағы мәліметтер жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жайық өзенінің су деңгейі шекті мөлшерден асып кетті Фото: Ғайсағали Сейтақ

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы таратқан дерек бойынша: 

  • Индербор ауылында - 7 см, су деңгейі - 982 см, шекті деңгейі - 845 см;
  • Махамбет ауылында - 5 см, су деңгейі - 1020 см, шекті деңгейі - 850 см; 
  • Атырау қаласында + 4 см, су деңгейі - 595 см, шекті деңгейі - 550 см; 
  • Жаңаталап ауылы +3 см, су деңгейі - 430 см, шекті деңгейі - 500 см;
  • Еркінқала ауылы +3 см, су деңгейі - 387 см, шекті деңгейі - 450 см. 

Айта кетейік, өткен түнде Атырау облысындағы Талдыкөл ауылының тұрғындары эвакуацияланды. 

Ауыл жолының үстінен су жүруіне байланысты жергілікті тұрғындарды алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданды. 121 адам, оның ішінде 41 бала жүзу құралдарының көмегімен ауылдан кетті. 26 ауыл тұрғыны Атырау қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізіліп, орналастырылды. 90-нан астам адам туыстарының үйлеріне барды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу