Жайық өзенінің суы Атырау қаласының тұсында да төмендей бастағаны тіркелді

129

Бұл туралы Атырау облысының жедел штабы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Жайық өзенінің суы Атырау қаласының тұсында да төмендей бастағаны тіркелді Фото: aikyn.kz

Жайық өзенінің деңгейі Индер мен Махамбет ауданында күн сайын төмендеп жатыр.

3 маусымда таңғы сағат 08:00-де Индербор кентіндегі гидробекетте өзен суы 6 сантиметрге төмендеген. Бұл кентте Жайық суының деңгейі 9 метр 29 сантиметр болды. Мұнда қауіпті шек – 845 сантиметр. Демек, қауіпті шектен әлі де 84 сантиметрге артық болып тұр.

Махамбет ауданында да Жайық арнасы бірнеше күн қатарынан төмендеп келеді. Бүгін су деңгейі 5 сантиметр азайды. Қазір Махамбет ауылының тұсында 10 метр 6 сантиметр болды.

Жайық өзені Атырау қаласының аумағында да төмендей бастады. Мұнда бірнеше күн 6 метр деңгейінде сақталып тұрды. Өзен арнасы 1 маусымда кешкі мезгілден бері төмендегені байқалды.

Қазір гидробекеттегі су деңгейі – 5 метр 97 сантиметр. Сондай-ақ, Жаңаталап және Еркінқала ауылдарында Жайық өзені көтерілген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу