Жайық өзенінің жағасын бекітуге кішкентай атыраулықтар көмектесіп жүр

259

Атырау облысында Жайық өзенінің жағасын бекітуге үлес қосуға ұмтылған тұрғындар қатары көбейді. Олардың арасында кішкентай балалар да бар, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жайық өзенінің жағасын бекітуге кішкентай атыраулықтар көмектесіп жүр Фото: Ғайсағали Сейтақ

Облыстық жедел штабтың мәліметінше, Жайық өзені Атырау қаласындағы жағалауы 105 секторға бөлінген.

"Қазір мұнайлы шаһар мен оның маңындағы учаскелерде бөгет салу жұмысы тәулік бойы атқарылып жатыр. Бұл жұмысқа мекемелерден 2 225 қызметкер мен 3 354 ерікті, 800 арнайы техника тартылды", - деп хабарлады жедел штабтан. 

Әлеуметтік желіде қапқа топырақ салып тұрған балалар туралы видео жүктелді. Видео Атырау қаласындағы "Авангард" шағын ауданында түсірілген.

Жағаны бекітуге көмектесу үшін бір отбасының екі баласы анасымен бірге келген. Қапты ашып отырған Әминаның жасы 9-да екен. Ал, 5 жасар Алдияр күрекпен топырақ салып тұр. 

Жайық жағалауында үлкендерге көмектесіп жүрген балалар аз емес. Бәрі де "Авангард" шағын ауданында тұрады. 

"Міне, біздің елімізге жаны ашитын кішкентай батыр қыздарымыз. Үлкендер, балалар, бәрі жұмылып жұмыс істеп жүр. Жарайсыңдар!", - дейді видео авторы. 

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасын тереңдету басталғанын хабарлаған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу