Су тасқынына қарсы үйінді бөгеттер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді.
Төтенше жағдай министрлігінің құтқарушылары тәулік бойы қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізіп отыр.
ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, бөгеттерді көзбен шолып тексерді.
Соңғы 5 күн ішінде аймаққа су үздіксіз келіп жатыр.
Қазгидрометтің гидрологиялық мониторинг деректеріне сенсек, 12 мамыр сағат 09:00-де Жайық өзеніндегі су деңгейі мынадай:
- Атырау — 538 см. Тәулігіне + 5 см.
- Индербор ауданы — 1033 см. Тәулігіне +7 см.
- Махамбет ауданы — 955 см. Тәулігіне +16 см.
- Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей межеден асып түсті.
Одан әрі артады деп күтіліп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу