Жайық жағасын бекітуге 15 млрд теңге бөлінді

1082

Атырау облысында халық "Жайық құрғап барады" деп дабыл қағып жатқанда биліктегілер тасқыннан қорғану үшін миллиардтап қаржы бөлді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Жайық жағасын бекітуге 15 млрд теңге бөлінді

Махамбет ауданындағы 8 шақырымдық жағалауға бекініс салу үшін 15 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылып, құрылыс басталып та кеткен.

Бұл жергілікті жұрттың наразылығын тудыруда.

Айтуларынша, соңғы 15 жылда арнасы үш есеге азайып, деңгейі тарихи минимумға түсіп кеткен өзенге осынша қаржы бөлудің қажеті жоқ. Ал белгілі болғандай, мұндай сұранысты аудан шенділері берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу