Жайық жағасынан қырылған ұлудың 40 келідейі жиналып, сараптамаға жіберілді

1705

Тәуелсіз экологтар бұл нағыз экологиялық апаттың бастауы болуы мүмкін деген пікірде.

Жайық жағасынан қырылған ұлудың 40 келідейі жиналып, сараптамаға жіберілді

Атырауда енді қосжақтаулы ұлулар қырыла бастады, деп хабарлайды КТК.

Олардың Жайық жағасында шашылып жатқандығын әуелі жергілікті тұрғындар көріп, тиісті орындарға хабарлапты.

Су жәндіктерінің қырылуы қала сыртындағы Көкарна елдімекені тұсындағы Жайық өзенінің жағасында байқалыпты.

Салааралық комиссия өкілдері бір күнде 40 келіге жуық ұлуды жинап, олардың бір бөлігін сараптамаға жіберген. Сондай-ақ, сол жердегі судан да сынама алынған.

Айта кетейік, мұндай дерек Жайықтың өзге бөліктерінде кездеспеген. Ал, аймақтағы тәуелсіз экологтар бұл нағыз экологиялық апаттың бастауы болуы мүмкін деген пікірде.

"Бірақ, өкінішке қарай балықтан басқа мәселе айтылмай жатыр қазір. Моллюскілердің жағаға шығып қалуына өзен түбінің ластануы себеп болуы мүмкін. Өйткені, бұл жәндіктер таза судың индикаторы саналады. Ішіп отырған суымыз ластанса, қатерлі ісік дерті, мүгедек болып дүниеге келетін балалар саны да көбеюі мүмкін. Сондықтан, бұл дұрыстап көңіл аударуды талап етеді", ­– дейді "Таң" экологиялық ҮЕҰ жетекшісі Шынар Ізтілеуова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу