Жайық жағасында балық аулаудан жарыс өтті

1194

Жайық жағасында балық аулаудан жарыс өтті

Атырауда әуесқой балық аулаушылар сынға түсті. Алғаш рет ұйымдастырылған қалалық жарысқа қатысу үшін Жайық өзенінің жағасына 73 балықшы жиналды, деп хабарлайды egemen.kz.
"Ең жас қатысушы" атанған 9 жастағы Шыңғыс Әділхан 2 кг 710 г болатын жайын балықты аулап, бірден екі бәйгені қанжығасына байлады да, жалпы есеп бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын Мырзағали Досқалиевке, үшінші орын Сапарбек Бисенбаевқа бұйырды. Ал Ақбота Ерсайын "Ең сүйкімді қатысушы", Өтеуіл Аманиязов "Ең тәжірибелі қатысушы" атанды. "Көрермен көзайымы" номинациясын Татьяна Ерофеева иеленді.

"Ертеректе әуесқой балықшылар жарысы қыс мезгілінде өтетін. Кейін бұл дәстүр үзіліп қалды. Жазғы маусымда бірінші рет қолға алынып отыр. Қала тұрғындарының қызығушылығы жоғары екенін аңғардық, енді жылына екі рет осындай шараны ұйымдастырамыз", - дейді облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылтек Испусинов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу