Жайық өзенінде судың деңгейі көтерілуде. Бұл Ресей аумағындағы Ириклинское қоймасынан судың жіберілу мөлшері секундына 60 текше метрге жетуімен байланысты болып отыр.
Ал Шарон, Қиғаш өзендерінде судың деңгейі əлі де тәулігіне 2-5 сантиметрге көтерілуде. Бүгінде Волгоград су қоймасынан суды максималды жіберу секундына 25100 текше метрді құраған. Тиісінше, Пешной аумағындағы Каспий теңізінің деңгейі 37 см жеткен, делінеді atpress.kz таратқан ақпаратта
Дегенмен, Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, су тасқыны жағдайы бірқалыпты, алаңдауға негіз жоқ. Көпжылдық мәлімет бойынша, Жайық өзенінде судың тоқтауы орташа есеппен мамыр айының соңы мен маусым айының бас кезінде болады.
Қазіргі уақытта төрт мобильді топ құрылып, жағдайды қатаң бақылауға алған.